Мектебімізде «Арам мен адал, обал мен сауап – ұлтымыздың ұстанымы» тақырыбында іс-шара өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – адалдық пен шындықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. «Адалдық – ардың ісі» деген халық мақалының мәнін ашу арқылы оқушылар жаңа ақпаратпен танысып, өз ойларын ортаға салды.
А.Макаренконың «Адалдық деген – ашық, шынайы қарым-қатынас» деген сөзін талдау барысында оқушылар өмірлік жағдайларға байланысты өз пікірлерін білдірді.

