Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
1 наурыз — Алғыс айту күні
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
«Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Осы мереке қарсаңында «Маңғыстау аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұжымы барша қазақстандықтарды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!