№7 мектеп лицейі мұғалімдер күніне орай өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп оқушылары “Дублер” күнін ұйымдастырды. «Дублер күні» пилоттық жобасы аясында олар бір күн ішінде мектеп директорының, орынбасарлардың және өз ұстаздарының лауазымдық міндеттерін орындады. Осылайша, оқушыларымыз мектеп басшылығының күн сайын қандай жұмыстармен бетпе-бет келетінін көріп, негізгі жұмыстарды жүзеге асыруға тікелей қатысты. Сондай-ақ өзге де қызметтермен жақынырақ танысты. 10 сынып оқушысы Амантай Ұлданай 8:30 бастап мектеп директоры қызметіне кірісті. Бұл жоба мектеп ұстаздарымен оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін нығайта түсті. “Дублер күніне” қатысқан оқушыларымыз дайындықпен келгенін, өздерінің жауапты, креативті екендерін көрсете білді. Жұмыс күні аяқталған соң, дублерлер атқарған жұмысы туралы есеп береді. Басшылардың міндетін абыроймен тапсырған оқушыларымызда жаңаша көзқарас қалыптасқаны анық.